Кочани қаласындағы түнгі клуб өртеніп 51 адам қаза тапты, 100-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Солтүстік Македония Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өрт жексенбіге қараған түні танымал хип-хоп дуэті ADN концерті өтіп жатқан Pulse клубында болған.
– Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып, күдікті деп танылған бірнеше адам ұсталды, – деп хабарлады Nova Makedonia.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу