Үкіметте жаңа министр ант берді

451

Ол Алмасадам Сәтқалиевтің орнын басты. 

Үкіметте жаңа министр ант берді Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Жуырда Энергетика министрі болып тағайындалған Ерлан Ақкенженов ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Үкімет мүшесінің қызметіне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу