Қуандық Бишімбаев тағы бір істе өз құқығын қорғап қалды

408

Астаналық сотта Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі апелляциялық сатыда қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қуандық Бишімбаев тағы бір істе өз құқығын қорғап қалды Фото: inbusiness.kz

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Қуандық Бишімбаев – әзірге балалардың әкесі. Ешқандай негіз болған жоқ, апелляциялық соттың шешімін әлі алған жоқпыз. Бізге тек қарардың бір бөлігін айтты. Шешім бірнеше күннен кейін шығады. Біз заң бойынша Жоғарғы сотқа шағымданамыз. Егер олар қабылдаса, іс Жоғарғы сотта қаралады", – деді талапкердің адвокаты Мәдина Уатбекова.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұл шешіммен келіспейтінін айтты. Ол "Қазақстанның сот жүйесінен көңілі қалғанын" жеткізді.

"Әрине, мен мұнымен келіспеймін. Таза формализм. Тек некенің (Бишімбаев пен Нүкенованың арасында) тіркелмегеніне баса назар аударылады. Балалар үлкен психологиялық тұрғыдан зардап шекті деген психологиялық қорытындымызды да ескермеді. Өкінішке қарай, басқарма бұл істі 45 минутта шешті. Бірінші сатыда да, екінші сатыда да сот жүйесіне ренжідім, көңілім қалды. Ал Жоғарғы сотқа жүгіну бекер дейді бәрі. Бірақ бұл қажет", – деді Назым Қаһарман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу