"Үлкен қателік жібердік": Черчесов маңызды мәлімдеме жасады

469

14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді.

"Үлкен қателік жібердік": Черчесов маңызды мәлімдеме жасады Фото: Sportbox

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алдағы ойындарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

14 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Ал 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.

"Аустрия, Норвегия және Словенияның ойын мәнері шамалас, бірақ аустриялықтар ойынды сергек әрі белсенді өткізіп жүр. Олардың Норвегияны жеңуі де кездейсоқ емес. Сондықтан олар топта жеңіске жетуге басты үміткер екені айдан анық. Алайда біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, ұпай жинауға тырысамыз. Бұл Линцтегі ойынымыздан өзгеше болмақ. Бұл жолы аустриялықтар бізге ұзақ ұшып келеді. Бір ай бұрын өткен ойында біз нашар ойнаған жоқпыз, бірақ бірнеше үлкен қателік жібердік", – деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ұлттар лигасы B дивизионының 3-тобында Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпай жинап, бірінші орынды өзара бөлісіп келеді. Ал Қазақстан құрамасы 1 ұпай еншілеп, топтағы соңғы орынға жайғасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу