АҚШ Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қалай нүкте қоятыны белгілі болды

3105

Айтуынша, әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін Ресей мен Украина келісімге келуі қажет. 

АҚШ Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қалай нүкте қоятыны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы соғысты Америка мен Ресей арасындағы "прокси-соғыс" деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Америка дауысы" басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың бас дипломаты Дональд Трамп қана Мәскеу мен Киевті келіссөздер үстеліне отырғыза алатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News-ке берген сұхбатында айтты.

"Президент Трамп бұл соғысты ұзаққа созылған, тығырыққа тірелген қақтығыс ретінде қарастырады. Шындығына келсек, бұл – ядролық державалар арасындағы, яғни, Украинаға көмектесіп жатқан АҚШ пен Ресей арасындағы прокси-соғыс. Бұл тоқтауы тиіс", - деді Рубио.

Айтуынша, әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін Ресей мен Украина келісімге келуі қажет.

Марко Рубио Трамп пен Владимир Зеленскийдің өткен аптадағы кездесуіне қатысты пікір білдірді.

"Біз екі тарапты – ресейліктер мен украиналықтарды да тартуымыз керек. Біз украиналықтардан мұны ушықтырмауды сұрадық. Вице-президент Джей Ди Вэнс бұл мәселені шешу үшін дипломатия қажет екенін айтқанда, өкінішке қарай, президент Зеленский вице-президентке қарсы шықты. Осылайша дипломатия мүмкін бе деген сауалдар қойып, президенттің жоспарының шырқын бұзды", - деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысы. 

Мемлекеттік хатшы осы жағдай дауға себеп болғанын, алайда кейін бұл мәселе қайта қаралғанын жеткізді.

"Украиналықтардың да, ресейліктердің де өз талаптары болады. Процестің осы деңгейіне жеткен жағдайда олардың бір-бірінен қаншалықты жырақта екенін түсінуіміз керек. Осы кезде дипломатия күшіне енеді", - деді Рубио.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу