Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

305

Ол 12,5 шақырымдық жекелей сында жоғары нәтиже көрсетті.

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды Фото: paralympic.kz

Швецияның Турсбю қаласында өткен IBU пара биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Ербол Хамитов жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Ербол Хамитов 7,5 шақырымға спринт жарысында 19:38.0 уақыт нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып қиды. 

2024 жылы ол Канададағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді, Әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ, ол биыл ақпан айында Словенияның Поклюка қаласында өткен әлем чемпионатында алтын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу