"Алматыға ұштық. Кәдімгі рейс, 20 минуттан кейін бір қозғалтқыш істен шықты. Салонда электр қуаты сөне бастады, қорқынышты шу естіліп, жанған иіс пайда болды. Стюардессалар қатты қобалжып, ерсілі-қарсылы жүре бастады. Бірақ жолаушылар не болып жатқанын түсінбей, бір-біріне қараумен отырды", – деп жазды жолаушылардың бірі.
Жолаушыларға ұшақтың Ақтауға оралатыны туралы хабарланған.
"Ұшақ күрт төмендеп, дірілдей бастады. 700 метр... жылдамдық пен биіктік төмендеді, ал әуежай әлі көрінбеді. Адамдар дұға жасап, шулап кетті. Ұшақ жерге қонғанда салонда жылағандар болды", – деді ер адам.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу