Мұса Әбдірайым әуежайда өзі құтқарған қыздың үйіне барып, атасының батасын алды

1317

Әуежай қызметкерінің жағдайы жақсы, деп жазды ол.

Мұса Әбдірайым әуежайда өзі құтқарған қыздың үйіне барып, атасының батасын алды Фото: instargram: abdraimov_musa

Алматы әуежайындағы оқиғада ерлік жасаған Мұса Әбдірайым кепілде болған қызметкердің жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ассалаумағалайкум бауырлар, достар! Кешегі әуежайда болған жағдайды бәріңіз көрген боларсыздар. Бүгін қарындасымыздың жағдайын біліп қайттық. Аллаһқа шүкір бәрі жақсы, көрер күніміз жақсылық болсын, ағайын", – деп жазды Мұса Әбдірайым әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы әуежайында ерлік жасаған адамның кім екенін жазғанбыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, оны мемлекеттік наградаға тапсыруды ұсынды. Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің елшісі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу