Ол бұл қызметке 2025 жылдың қаңтар айынан бастап уақытша бапкер міндетін атқарып келген болатын. Әли Әлиев бұл қызметке Станислав Черчесовтің орнына келген еді.
Әли Әлиевтің басшылығымен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізді. Уэльспен өткен кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп, Лихтенштейн құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Әли Әлиевтің ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де мол тәжірибесі бар. Ол футболшы ретінде “Қайрат”, “Ертіс”, “Тобыл” секілді қазақстандық клубтарда, сондай-ақ Түркияның “Акчаабат Себатспор”, “Кайсери Эрджиесспор”, “Карталспор” және “Диярбакырспор” клубтарында өнер көрсеткен. Халықаралық деңгейде Қазақстан құрамасы сапында екі матч өткізген.
Бапкерлік мансабында Әли Әлиев “Қызылжар”, “Жеңіс” және “Шахтер Қарағанды” командаларын жаттықтырған. Әсіресе, “Қызылжар” клубымен қол жеткізген жетістігін атап өткен жөн. Команда Әли Әлиевтің басшылығымен УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундына дейін жеткен.