Анна Данилина әлемдік рейтингіде 19-орынға көтерілді

322

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анна Данилина әлемдік рейтингіде 19-орынға көтерілді Фото: ҰОК

Жекелей сында алғашқы үштікте ешқандай өзгеріс жоқ. Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, поляк қызы Ига Швентек екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші орында тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-ші сатыда қалса, Юлия Путинцева 20-дан 21-ге төмендеді.

Жұптық сында чехиялық Катержина Синякова, жаңазеландиялық Эрин Рутлифф және америкалық Тейлор Таунсенд (США) көштің алдында келеді.

Өткен аптада Линц (Аустрия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Анна Данилина 20-дан 19-орынға көтерілді. Ю.Путинцева 104-тен 107-ге, Жібек Құламбаева 156-дан 160-қа сырғыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу