Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалына жолдама алды.
1/8 финалдық ойында Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері өз алаңында бірінші лига өкілі – Ақтаудың "Каспий" клубын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
9-минутта Георги Зариа пенальтиді сәтті орындап, есеп ашты. Үзіліске дейін грузиялық легионер тағы бір пенальтиден гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. 53-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Дастан Сәтпаев алыстан соққы жасап, Нұрлыбек Аязбаевтың қақпасына үшінші голды салды. Бұл 16 жастағы шабуылшының осы маусымдағы 4-ші голы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан кубогының 1/4 финалына "Елімай" мен "Қызыл-Жар" клубтары шыққан болатын.
Семейлік клуб сырт алаңда "Ұлытауды" 3:0 есебімен тізе бүктірсе, петропавлдықтар "Қайсармен" өткен кездесуде жеңісті жұлып жұлып әкетті.