Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанды мерзімінен бұрын жеңді

336

Бүгінгі жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы келесі кезеңде мықты қарсыластармен кездесуге мүмкіндік алды. 

Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанды мерзімінен бұрын жеңді Фото: ҚТФ

Астанадағы Beelline Arena корттарында өткен кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Ақил Хан-Музаммил Муртаза жұбын 6:4, 7:6 есебімен ұтты.

Жекелей сында Денис Евсеев Ахмад Курешиді 6:0, 6:0 есебімен тізе бүктірді. 

Осылайша, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Бұл жеңістің арқасында Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік тобының I қатарына қайта оралды.

Бұған дейін Александр Шевченко Музаммил Муртазаны жеңсе, екінші кездесуде Бейбіт Жұқаев Хузайфа Абдула Рехманнан басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу