Елена Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына шықты

240

Әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан Abu Dhabi Open турнирін жеңіспен бастады.

Елена Рыбакина Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына шықты Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші жарысты бірден екінші айналымнан бастады.

Оның қарсыласы америкалық Кэти Волынец (68-орын) болды. Рыбакина бірінші сетте күтпеген жерден қарсыласына есе жіберді – 2:6. Дегенмен, Елена екінші сетте қарсыласынан мықтырақ  болып шықты – 6:4.

Шешуші сетте Рыбакина шеберлік танытып, 6:4 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды.

Кездесу аяқталған соң Рыбакина сұхбат берді.

"Mubadala Abu Dhabi Open турнирінің бірден Аустралия ашық чемпионатынан кейін өтуі мен үшін өте ыңғайлы болды. Дәл қазір өзімді физикалық және психологиялық тұрғыдан керемет сезінемін. Сондықтан лайықты нәтиже көрсетіп, жүлде үшін күресуге ниеттемін", – деді Рыбакина Emirates247.com сайтына берген сұхбатында.

Осылайша, Рыбакина жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Онда ол жапониялық теннисші Сонобэ Вакана (837-орын) мен Тунис өкілі Онс Джабер (33-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Рыбакиананың қатысумен өтетін ¼ финалдық матч ертең, 6 ақпан Қазақстан уақыты бойынша 18:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің чемпионы атанған болатын. Ол финалда ресейлік теннисші Дарья Касаткинаны (11-орын) 6:1, 6:4 есебімен ұтты .

Биылғы Abu Dhabi Open жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу