1/4 финал кезеңінде келесі командалар ойнайды: "Қайрат", "Астана", "Ордабасы", "Елімай", "Қызылжар", "Жеңіс", "Тұран" және "Тобыл".
Ширек финал жұптары төмендегідей:
"Қызылжар" – "Елімай"
"Ордабасы" – "Қайрат"
"Тұран" – "Тобыл"
"Жеңіс" – "Астана"
Қазақстан Кубогының ширек финалдық матчтары 14 мамыр күні өтеді. Жартылай финал ойындары 25 маусым мен 30-31 тамыз күндері жоспарланған. Финал 1 қараша күні өтеді деп күтілуде.
Айта кетейік, қазіргі Қазақстан Кубогының иегері – "Ақтөбе" командасы еді. Алайда бұл маусымда команда 1/8 финал кезеңінде "Жеңіске" 0:1 есебімен жол беріп, сенсация орын алды. Осылайша, ақтөбеліктер жарыс жолынан шығып қалды.