Бұл сайыс түрінен Қазақстан атынан Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев сынға түсуде.
В тобының алғашқы жарысында спортшыларымыз 2022 жылғы Олимпиадаға қатысқан Қытай спортшылары Хан Ю мен Ван Чжиюмен кездесті.
Кездесу сегіз эндтің қорытындысы бойынша 5:11 есебімен аяқталды. Сегізінші финал соңына дейін ойналмады. Бұл қытайлық жұпқа мерзімінен бұрын жеңіске жетуге мүмкіндік берді.
Қазақстан B тобында өнер көрсетеді. Сондай-ақ, бұл топта Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай командалары бар.
Қазақстан құрамасы келесі екі ойынын 5 ақпанда өткізеді. Таңертеңгілік сайыста командамыз Оңтүстік Корея өкілдерімен, кешке катарлықтармен өзара мықтыны анықтайды.
Әр топта барлығы алты жұп өнер көрсетеді. Жарыстың шарты бойынша медальдар үшін күресті жалғастыру үшін үздік үштікке ену керек.