Бүгін алматылық "Қайрат" 2025 жылғы футболдан Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
"Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы кездесу елордадағы "Астана Арена" стадионында өтті.
Есепті алғашқы болып "Қайрат" командасы сапынан 58-ші минутта бразилиялық Элдер Сантана ашты. 61-ші минутта алматылықтар алаңда 10 ойыншымен қалды. Себебі Еркін Тапалов тәртіп бұзып, екінші сары қағаз алған соң алаңнан қуылды.
69-шы минутта таяуда ғана "Челсимен" келісім-шарт жасаған алматылық клуб ойыншысы Дастан Сәтпаев алаңға шықты. Оны жанкүйерлер жылы ықыласпен қарсы алды. Сәтпаевтың бірнеше мүмкіндігі болды. Бірақ, гол соға алмады.
Ал "ақтөбеліктер" ойыншылар басымдығын пайдалана алмады. Ойынның нүктесін 86-шы минутта Громыко қойды – 2:0.
Осылайша, "Қайрат" өз тарихында үшінші мәрте Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
"Қайрат" 2:0 "Ақтөбе"
Голдар: Сантана 58, Валерий Громыко 87
Алаңнан қуылды: Еркін Тапалов 62