"Қайрат" жеке-дара көш бастады

338

Алматылық "Қайрат" командасы ҚПЛ-2025 чемпионатының төртінші турының кейінге қалдырылған матчында "Атырауды" ірі есеппен жеңді.

"Қайрат" жеке-дара көш бастады Фото: Қайрат ФК

Кездесу алаң иелерінің пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Матчтың небәрі 52 секундында "мұнайшылардың" қорғаушылары Дастан Сәтпаевты қаперлерінен шығарып алды. Ал Дастан қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Бұл Дастан Сәтпаевтың ағымдағы маусымдағы жеті ойындағы 5-ші голы болды.

Бес минуттан кейін Еркін Тапалов қонақтар қақпасының алдында стандартты жағдайдан кейінгі доптың серпілген сәтін пайдаланып, есепті еселеді. Маусым аралығында "Қайратқа" ауысқан Еркін Тапалов үшін бұл алматылықтар сапындағы алғашқы гол еді.

Алматылықтар үшінші голды 50-минутта соқты. Орталық қорғаушы Александр Мартынович өз отандасы Валерий Громыконың әуелете берген пасын пайдаланып, қонақтар қақпасын дәл көздеді. 37 жастағы капитан үшін бұл – маусымдағы алғашқы гол.

Ал 58-минутта португалиялық шабуылшы Жоржиньо атыраулықтардың қақпасына 4-ші голды соқты. Осылайша, "Қайрат" 13 ұпай жинап, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады.

Ал, “Астана” мен “Ақтөбеде” 10 ұпайдан және қосымша бір-бір ойыннан бар. "Атырау" 3 ұпаймен 10-шы орында қалды.

Келесі турда "Қайрат" 20 сәуірде сырт алаңда "Қайсармен" кездеседі. Ал "Атырау" 19 сәуірде өз алаңында "Қызыл-Жарды" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу