Қазақстан мен Түркияда Жошы хан туралы сериал түсіріледі

1363

Сериал "Karga Seven Pictures" киностудиясымен бірлесе түсіріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Түркияда Жошы хан туралы сериал түсіріледі Фото: kino-teatr.ru

Жобаның атқарушы продюсері және режиссері Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және қоюшы-суретші Зеки Сарайоглу Астанаға келіп, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жолықты.

Кездесуде Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы шағын сериалдың түсірілімі талқыланды.

Қазіргі таңда сценарий жазу бойынша жұмыстар аяқталған. Оны әзірлеуге белгілі жазушы Джастин Поллард ("Викингтер") және Клэр Мурсом (Король вне закона), сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан.

Сондай-ақ сценарийді әзірлеу кезінде Жошы ұлысының, Алтын Орданың тарихын, сонымен қатар көшпелі халықтар мен қазақтың мәдени құндылықтары мен өмір салтына зерттеу жүргізілген.

Бүгінде түсірілім орындарын іздеу аяқталды және кастинг жүріп жатыр. Сериалдың түсірілімі жақын арада басталады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу