Қазақстанда 1 223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан

454

Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады. 

Қазақстанда 1 223 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан Фото: ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Министрлік үйлестіруші орган ретінде инфрақұрылымды ықтимал су тасқынына дайындау үшін жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасайды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтемін. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады. Осы іс-шараларды  іске асыру су басу қаупін барынша азайтуға және елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",  деді ведомство басшысы.

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, су тасқыны аяқталғаннан кейін өңірлер алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстарды бастады. 

"Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде Министрліктің бөлімшелері жүзеге асыруда. Сондай-ақ Үкімет Аппараты инспекторларының қатысуымен бірнеше рет тексерулер жүргізілді. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс – шаралар іске асырылды", деді министр.

Айта кету керек, осыған дейін сенатор Жақып Асанов су тасқынына дайындық өте өзекті мәселе екенін атап өткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу