29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Катарда өткен FIP BRONZE QATAR турнирінде Лисаковск қаласының тумасы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Евгений Данилов ресейлік Дмитрий Мягковпен бірге қатарынан үш матчта жеңіске жетіп, негізгі жарыстың кезеңіне жолдама алды.
FIP BRONZE QATAR турнирінің негізгі кезеңіне өткен соң Данилов бір ұпайға ие болып, әлемдік рейтингте 1310-орынға орналасты.
Өкінішке қарай негізгі кезеңнің 1/16 айналымында Данилов пен Мягков ресейлік-испаниялық жұп Савелий Тулупов пен Мигель Гонсалеске 6:7, 6:3, 4:6 есебімен есе жіберді.
Евгений Даниловтың FIP BRONZE QATAR турниріне қатысуы мен сапары Қазақстанның Ұлттық падел федерациясы тарапынан қаржыландырылды.