Қазақстандықтар отандық киноны көбірек көре бастады

443

Үкімет отырысында TOP PRO CINEMA продюсерлік орталығының бас директоры Александр Аксютиц еліміздегі киноиндустрияның дамуын атап өтті. 

Қазақстандықтар отандық киноны көбірек көре бастады Фото: UKR.NET

Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық фильмдер кинотеатрларда 22 млрд теңгеден астам қаражат жинағанын хабарлады. 2023 жылмен салыстырғанда үштен бір бөлігінен асады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Сонымен қатар прокатка шыққан картиналардың саны бір жылда 65-тен 107-ге дейін өсті, яғни екі есеге жуық. Одан да маңыздысы – қазақстандықтардың ұлттық киноға деген қызығушылығы артып келеді. Өткен жылы ең көп табыс тапқан 20 үздік фильмнің 70%-ы отандық өндіріс болып саналады. Бірнеше жыл бұрын еліміздегі кинотеатрлардың негізгі табысын шетелдік фильмдер қамтамасыз ететін", – деп атап өтті Александр Аксютиц.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу