Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ресей және Қырғызстанмен шекара маңындағы өртке қарсы өзара іс-қимыл жоспарлары бекітілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Кей кезде өрт бізге көрші мемлекеттерден келеді. Сол сияқты бізден басқа мемлекеттерге баруы мүмкін. Әріптестеріңізбен қалай жұмыс істеп жатсыздар?", - деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.
Ерлан Нысанбаев ұзындығы 3 мың шақырым болатын орман мен орман қоры аумағындағы шекара Ресей елімен екенін баса айтты.
"Бүгінгі таңда Ресей Федерациясымен үкіметаралық келісімге қол қойылған. Сол құжат аясында бүкіл жұмыс жүргізіледі. Біріншіден, екі жаққа шекараның өтетін жері белгіленген. Екіжақты өртке қатысатын өрт сөндіруші мамандардың тізімі мен техниканың тізімі алдын ала бір-бірімен алмасқан. Әр жылы оқу жаттығулары жүргізіледі. Одан да басқа жыл сайын өзара іс-қимыл жоспарлары бекітіледі. Бізде дәл осындай келісімшарт Қырғызстанмен де бар. Бізде шекаралас осы екі мемлекет", - деді министр.