Корея Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салады

1191

Қазақстан энергияның дәстүрлі көздерін дамытуға мүдделі. 

Корея Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр стансасын салады Фото: canva.com

Президент "жасыл" энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы артып келе жатқанын айтты.

– Оңтүстік Корея компанияларымен осы бағытта тәжірибе алмасудан бастап, нақты жобаларды жүзеге асыруға және технологиялар трансфертіне дейінгі ықпалдастықты жүйелі түрде жандандырамыз деп үміттенеміз. Бұдан бөлек, біз дәстүрлі қуат көздерін де дамытуға мүдделіміз. Сондықтан Doosan Enerbility компаниясының Түркістан мен Атырау облыстарында газ электр станцияларын салу жоспарын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур компанияларымен бірлесе жүзеге асырылатын "Alatau City" жобасына кореялық инвесторлар мен девелоперлерді де белсенді атсалысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу