ҚПЛ матчтарына шолу

120

9 наурыз күні ҚПЛ 2-тур аясында үш кездесу өтті.

ҚПЛ матчтарына шолу

"Елімай" алаң иелері ретінде елордада "Астана Аренада" қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. Бір сағаттан астам уақыт  командалар есеп аша алмады. Семей клубы сапынан 62-минутта Роман Тугарев гол соқты. 90-минутта тоголық Фессу Плакка есепті еселей түсті. Осылайша Елімай 2025 жылғы ҚПЛ-дағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, "Қайсар" алғаш рет жеңіліс тапты. 29 наурыз күні үшінші турда "Елімай" сырт алаңда "Тобылды" қабылдаса, "Қайсар" бұл күні "Оқжетпесті" қабылдайды.

Айта кетейік, 2025 жылғы маусымда "Қайсар" бірде-бір шетелдік ойыншысы жоқ жалғыз қазақстандық клуб.

ҚПЛ 2-турында "Ақтөбе" мен "Тұран" арасындағы матч 2:1 есебімен "Ақтөбенің" жеңісімен аяқталды. Ойын барысында екі команданың да шеберлігі мен тактикалық дайындықтары байқалды. Алайда "Ақтөбе" соңғы сәтке дейін өз басымдылығын сақтады.

Матчтың 29-шы минутында Ақтөбенің шабуылшысы Неманья Анджелкович алғашқы голды соғып, командасын жеңіс жолына бірінші қадам жасады.

Дегенмен, "Тұран" шабуылын тоқтатпай, 57-ші минутта Горан Милойко гол соғып, есеп теңесті. 83-ші минутта Еркебұлан Сейдахмет қақпаны дәл көздеп, командасына жеңіс сыйлады.

Ал "Астана" "Қызылжарды" еш қиындықсыз жеңді ҚПЛ екінші турының соңғы матчында петропавлдық "Қызылжар" Қостанайдағы "Тобыл Аренада" "Астанамен" кездесті. Бірінші тайм толықтай астаналық команданың басымдығымен өтті. Командадан Джеффри Чинеду мен Назми Грипши гол соқты. Екінші таймда екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болды. Бірақ, жүзеге асыра алмады - 0:2.

Осылайша, "Астана" турнирлік кестеде төрт ұпайға ие болды, ал "Қызылжардың" еншісінде әзірге бір ғана ұпай бар.

Енді матчтар Қазақстан ұлттық құрамасының Уэльс (23 наурыз) және Лихтенштейнге (26 наурыз) қарсы матчтар өткізуіне байланысты уақытша тоқтатылды.

Үшінші тур матчтары 29-30 наурызда өтеді:

"Қайсар" – "Оқжетпес"

"Тұран" – "Қайрат"

"Астана" – "Жетісу"

"Атырау" – "Ақтөбе"

"Ұлытау" – "Жеңіс"

"Ордабасы" – "Қызылжар"

"Тобыл" – "Елімай"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу