Өзбек футболшысы "Манчестер Ситиді" масқара жеңілістен сақтап қалды

Алғашқы ойында испаниялық ұжым "Манчестер Ситиді" 3:2 есебімен жеңген еді. 

Өзбек футболшысы "Манчестер Ситиді" масқара жеңілістен сақтап қалды Фото: sportbox

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан командалар толық анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Соңғы жолдамаларға "Реал Мадрид" (Испания), "Боруссия Дортмунд" (Германия), "Пари Сен-Жермен" (Франция) және ПСВ (Нидерланд) клубтары ие болған. 

Испаниялық "Реал Мадрид" плей-офф сатысында Англияның "Манчестер Сити" командасымен кездесті. Бірінші ойында "Реал" ағылшындық ұжымды 3:2 есебімен жеңген болатын. 

Тартысқа толы матчта "Реал Мадрид" сапынан Килиан Мбаппе 3 мәрте мергендігімен көзге түсті. Ол 4, 33 және 61-минуттарда қақпа торын тулатып, хет-трикті өз атына жазды.

Әрі командасының жарыс жолын жалғастыруына мүмкіндік сыйлады. "Манчестер Сити" сапынан Нико Гонсалес 90-минутта ғана гол соғып, есеп айырмасын қысқарта алды. 

Осылайша, испаниялық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, жарыстағы "жорығын" жалғастырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу