Нұралы Әліп қомақты сыйақы алатын болды

560

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін "Зенит" клубы ойыншыларына қомақты сыйақы тағайындады. 

Нұралы Әліп қомақты сыйақы алатын болды Фото: fc-zenit.ru

"Зенит" клубының қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп РПЛ көшбасшысы "Краснодарға" қарсы ірі жеңіске (4:1) қол жеткізгені үшін қомақты сыйақы алады. Мұндай бонус ойынға өтінімге енген әрбір футболшыға беріледі.

Sport24.ru дерегінше, "Краснодарды" кем дегенде үш доп айырмасымен жеңгені үшін "Зенит" ойыншыларының әрқайсысы 250 мың еуро (146,4 миллион теңге) алады.

Айта кетейік, "Краснодарды" жәй ғана жеңгені үшін де футболшыларға 110 мың еуро (64,4 миллион теңге) сыйақы уәде етілген болатын. Алайда алаң иелері барын салып, қарсыластарын ойсырата жеңіп, барынша жоғары нәтиже көрсетті.

Бұған қоса, "Зенитке" РПЛ-дағы жеңіс үшін берілетін жалпы сыйақы көлемі 800 мыңнан 1,4 миллион еуроға (820,2 миллион теңге) дейін ұлғайтылғаны белгілі болды.

Ресейлік дереккөзге сүйенсек, "Краснодар" клубы да құр алақан емес. Олар "Зенитті" жеңген жағдайда әр ойыншыға 1 миллион рубль (6,2 миллион теңге) төлеуге уәде берген.

"Зенит" "Краснодарды" 4:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі айырманы 2 ұпайға дейін қысқартты. Қазақстандық Нұралы Әліп бұл ойында толық матч бойы қосалқы құрамда отырды. Соған қарамастан "Краснодарға" қарсы ойында өтінімге енгендіктен, сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу