Отандық көлік саудасында өсім бар

Артур Мискарян Артур Мискарян
17019

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша жаңа отандық көлік саудасының нарықтағы үлесі 1,5 есе, 45%-ға дейін өскен.

Отандық көлік саудасында өсім бар

Осы жылдың I тоқсанындағы отандық автозауыттардың өндірісі өткен жылдың көрсеткішінен екі есе асып түсті, деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) баспасөз қызметі.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының есептеуі бойынша, "Азия Авто" зауытында 4411 автокөлік құрастырылған, "СарыарқаАвтоПром" зауыты қаңтар-наурыз айларында 2108 жеңіл, жүк көлігін және автобус шығарған. Ақмола "КамАЗ Инжиниринг" 121 жүк көлігін, алматылық Hyundai Trans Auto 44 техника шығарған болса, семейлік Daewoo Bus I тоқсанды 15 көлік шығару нәтижесімен жапқан. Үш айда шығарылған техниканың жалпы құны 39,5 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі асып кетіп отыр.

Жеңіл, жүк, арнайы көліктер мен автобус, тіркеме, жартылай тіркемені есептегенде барлығы 6857 көлік шығарылған.

"Бұл көрсеткіш 2017 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткіштен екі есе артық болып отыр. Осылайша өндіріс көлемі 2015 жылғы көрсеткішке жақындады", – деп көрсетілген ҚАБҚ хабарламасында.

Тоқсан қорытындысы бойынша сатылған қазақстандық жаңа көліктердің үлесі былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі 30% көрсеткішпен салыстырғанда, 45% болды. Басқаша сөзбен айтар болсақ, сатылған отандық автоөнімнің үлесі 1,5 есе өсуді көрсетіп отыр.

Еске салар болсақ, 2015 жылы Қазақстанда әртүрлі мақсаттағы 14477 автокөлік өндірілген. Өндіріс көлемі 80 млрд теңгені құрады. Дайын өнімді сату көлемінің төмендеуі рубль бағамының төмендеуімен байланысты болды, жыл бойына өндіріс 2014 жылмен салыстырғанда 64%-ға қысқарған. 2014 жылы отандық зауыттар 39724 көлік шығарған болатын.

Өскемендік "Азия Авто" зауытының болжамы бойынша, отандық көлік құрастыру кәсіпорнының өндірісі биыл 19 мың көлік болады.

"Былтырғы жылы Қазақстанда 46 мың көлік сатылған. Біздің болжамымыз бойынша, осы жылы шамамен 60 мың көлік сатылады. Егер өндіріс көрсеткіштерін қарайтын болсақ, онда өткен жылы 11,5 мың көлік құрастырылған. Биыл 19 мыңға дейін шығарамыз деп отырмыз", – деді abctv.kz-ке берген сұхбатта "Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаев.

"Отандық көлік өндірушілер нарықтың қайта қалыпқа келуінен көлік шығаруды арттырып жатыр. 2018 жылдың басынан бері ең нәтижелі ай наурыз болды. Осы айда қазақстандық көлік өндірушілер 2580 техника шығарған, бұл ақпанда шығарылғаннан 18,8 пайызға көп", – деп көрсетілген ҚАБҚ хабарламасында.

Осы жылдың үш айының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған көліктерді өткізу 5406 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың I тоқсанындағы көрсеткіштен 109%-ға көп. ҚАБҚ мәліметі бойынша, отандық көлік өнеркәсібінің нарықтық үлесі рекордтық 45,8%-ға дейін өскен. I тоқсан қорытындысы бойынша жергілікті өндірістен шыққан үздік ондықты Lada (2563), Hyundai (1143), Kia (530), Ravon (305) және JAC (262) бастап тұр. Үздік ондықты Chevrolet (177), KAMAZ (79), Skoda (68), Peugeot (42) және Foton (42)толықтырды.

"Жылдың жақсы басталуы жергілікті құрастырудан шыққан көліктер өндірісі одан әрі өседі деп болжауға мүмкіндік береді. 2018 жылдың ең басты трендтерінің бірі – нарықта Қазақстанда шығарылған көліктер үлесін 50 пайызға дейін арттыру. Бұл кезекті төрт пайыздық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қаржыландыру арқасында іске асыруға болады. Жалпы жүйеде 35 млрд теңгеден көп. Сонымен қатар көліктерді утилизация мен сертификатты айырьастау бойынша бастау алған ӨКМ бағдарламасы танымалдыққа ие болып жатыр. "ӨКМ операторы" бағдарламасы бастау алғаннан бері 50 мыңнан астам көлікті утилизацияға қабылдады", – деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.

Гүлназ Ермағанбетова, Артур Мискарян

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу