"Шетелге еліктеуді қою керек": Депутат қазақша атауларды брендке айналдыруға шақырды

1998

Депутаттар бұл шетелге еліктеудің салдары деп отыр.

"Шетелге еліктеуді қою керек": Депутат қазақша атауларды брендке айналдыруға шақырды Фото: parlam.kz

Мәжілісте Солтүстік Каспий (Қашаған) жобасы бойынша елішілік құндылықты дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселесі туралы комитет отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат Ермұрат Бәпи осы сала бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысатын отандық тауар өндірушілердің тізімінде қазақша атауы бар компания жоқ екеніне назар аударды. 

"Барлығы шетелдік атаудағы компаниялар", – деді мәжілісмен. 

Еділ Жаңбыршин әріптесінің сөзіне қосылды. 

"Атын қоймай жүрген өзіміздің қазақтар ғой. Қазір шетелге еліктеп, неше түрлі аббревиатуралар қояды. Тым жақсы қазақтың атаулары бар, соларды қоймайды. Енді бұл өзіміздің ұлттық рухтың әлсірегенінен деп ойлаймын. Егер жүрегі қазақ деп соғып тұрса, онда қазақтың әдемі аттарын қоюға болады. Қазір бізге келген шетелдіктердің өздері жақсы атауларымызды қойып жүр. Еліктей бермеуіміз керек. Ел-су, жер аттары бар, соларды брендке айналдыру мәселесімен айналысу керек", – деді Мәжіліс депутаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу