Трамп Украинадағы соғыстың басталуына кінәлі 3 адамның атын атады

2561

Тізімде бұрынғы Ақ  үй басшысының да аты аталды. 

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына кінәлі 3 адамның атын атады Фото: binance.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың басталуына кінәлі үш адамды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Европейская правда" басылымына сілтеме жасап.

14 сәуір күні Ақ үйде баспасөз мәслихаты өтті.

Дональд Трамп соғыстың басталуына Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп отыр.

Айтуынша, ол президент болған кезде Путин Украинамен соғысу туралы тіпті ойламаған. Ал осыған дейін елді басқарған Байден мұнай бағасын төмендету арқылы соғысты тоқтатуға қауқары болғанымен, ол мұны жасамады, деді Ақ үй басшысы.

"Енді не істейміз? Аумағының 25 пайызынан, ең жақсы жерлерінен айырылған, миллиондаған адамы қаза тапқан ел бар... Бұл – Байденнің соғысы. Мен оны тоқтатуға тырысып жатырмын. Біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін", - деді Трамп.

Оның сөзінше, "миллиондаған адам үш адамның кесірінен қаза тапты".

"Біріншіден, Путин. Екіншісі – не істеп жатқанын түсінбеген Байден. Үшіншісі – Зеленский. Мен соғысты, қантөгісті тоқтатқым келеді. Жақын арада өте жақсы ұсыныстар айтылады деп сенемін", - деді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу