Ұлттық құраманың қақпашысы 100 секундта қос гол өткізіп алды

Оған командаласының ойыннан қуылғаны да әсер еттті.  

Ұлттық құраманың қақпашысы 100 секундта қос гол өткізіп алды Фото: vesti.kz

Десе де, олар 10 ойыншымен алғашқы голды салған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Станислав Покатилов қақпасын қорғайтын "Сабах" клубы Әзербайжан чемпионатының 30-турында жеңіліс тапты. 

"Тұран" клубына қарсы өткен кездесуде "Сабах" бірінші болып есеп ашты. Ойынның 14-минутында Анатолий Нуриев мергендігімен көзге түсті. Бірақ, екінші таймда бар болғаны 98 секундта Покатилов қорғайтын қақпаға екі доп еніп кетті. 

56-минутта Айхан Гусейнов есепті теңестірсе, 57-минутта Жо есепті еселей түсті. Осылайша, 100 секундқа жетер-жетпес уақытта қазақстандық қақпашының торы екі рет тулады. 

Бұған "Сабах" ойыншысы Павол Шафрванконың бірінші таймның 2-минутында қызыл қағаз алып, ойыннан қуылғаны да әсер етсе керек. Өйткені, алаң иелері 90 минут бойы он ойыншымен ойнауға мәжбүр болды. 

Қазіргі уақытта Покатиловтың командасы турнирлік кестеде 36 ұпаймен 5-орынға жайғасса, "Тұран" 47 ұпайды еншілеп, 4-орынға көтерілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу