Утиль алым есебінен қоқыс өңдейтін зауыттардың құрылысына несие беріледі

868

Ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттары салынады. 

Утиль алым есебінен қоқыс өңдейтін зауыттардың құрылысына несие беріледі Фото: kazWaste

Қоқыс өңдеу зауыттарының құрылысына утиль төлем есебінен жеңілдетілген несие беріледі.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін утильтөлем есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі бекітілді, жылдық 3 процентпен 15 жылға және екі жылға дейінгі демалыспен несиелер көзделген. Бүгінгі күні министрлік, әкімдіктер ұсынған, құны 316,9 млрд теңгені құрайтын 67 жобаны мақұлдады, оның ішінде 43 жоба қайта өңдеуге бағытталған", - деді ведомство басшысы.

67 жобаның ішінде құны 47,3 млрд теңге болатын 9 жоба Өнеркәсіпті дамыту қорымен мақұлданды, оның алтауы 4,1 млрд тенгеге қаржыландырылды.

3 жоба бойынша инвесторларды қаржыландыру үшін келісім-шарт жасақталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу