Қазақстанда VI қысқы Спартакиада басталады

319

8 ақпан - 13 сәуір аралығында Өскемен, Алматы, Риддер, Щучинск қалалары мен Алматы облысында VI қысқы Спартакиада өткізіледі. 

Қазақстанда VI қысқы Спартакиада басталады Фото: olympic.kz

Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын қысқы Спартакиаданың алғашқы жарысы 8 ақпан күні Өскемен қаласында шайбалы хоккейден ерлер бәсекесімен басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарыстың мақсаты – Олимпиаданың алдында спорт түрлері бойынша ұлттық құраманы іріктеу. Бәсекеге 17 облыс пен 3 мегаполис спортшылары қатысады деп күтілуде.

3 айға жалғасатын қысқы спорт ойындарында спортшыларымыз шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл-акробатика, фристайл-могул, сноуборд, тау шаңғысы, керлинг, шаңғы, шорт-трек, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау түрлері бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесі:

  • Шайбалы хоккей (ерлер)  8-15 ақпан (Өскемен қ.)
  • Шаңғы қоссайысы  17-23 ақпан (Алматы қ.)
  • Шаңғымен тұғырдан секіру  17-23 ақпан (Алматы қ.)
  • Фристайл (акробатика)  2-6 наурыз (Алматы қ.)
  • Сноуборд  10-14 наурыз (ШҚО, Риддер қ.)
  • Тау шаңғысы  10-18 наурыз (ШҚО, Риддер қ.)
  • Керлинг (ерлер, әйелдер, аралас жұп, аралас командалық сайыс)  14 наурыз - 13 сәуір (Алматы облысы
  • Шаңғы жарысы  17-25 наурыз (Ақмола обл, Щучинск қ.)
  • Шорт-трек  20-24 наурыз (Астана қ.)
  • Биатлон  24 наурыз - 4 сәуір (Щучинск қ.)
  • Конькимен жүгіру – 25-28 наурыз (Астана қ.)
  • Фристайл (могул)  26-30 наурыз (Шымбұлақ тау-шаңғы курорты)
  • Шайбалы хоккей (әйелдер) 26 наурыз - 1 сәуір (Өскемен қ.)
  • Мәнерлеп сырғанау  7-12 сәуір (Өскемен қ.)
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу