Зеленский Трамптан кешірім сұрады

1496

Украина Президенті Владимир Зеленский доғал кабинеттегі дау-дамайдан соң Дональд Трампқа хат жазып, кешірім сұраған. 

Зеленский Трамптан кешірім сұрады Фото: 24tv.ua

Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Hill-ге сілтеме жасап.

"Зеленский президентке хат жолдады. Ол доғал кабинетте болған жайт үшін кешірім сұрады. Меніңше, бұл маңызды қадам және біздің командаларамыз, украиналықтар мен еуропалықтар арасында көптеген талқылаулар өтті",  деді Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында. 

Басылымның жазуынша, осы аптада АҚШ пен Украинаның ресми тұлғалары Сауд Арабиясында кездесу өткізіп, Ресеймен арадағы соғысты аяқтау бойынша бейбіт келіссөздерді қайта бастауы тиіс.

Уиткоффтың сөзінше, Зеленскийдің Трампқа жолдаған хатын "прогресс" деуге келеді.

АҚШ президентінің арнайы өкілі украиналықтардың қауіпсіздігі, аумақтық мәселелері туралы талқылаудың маңызды екенін айтты. 

"Бұл мәселелерді талқылауға шығару қажет. Барлық тарап өздерінің ойын ашық білдіруі тиіс. Содан кейін ғана ықтимал ымыраға келу туралы талқылауды бастауға болады", – деді Стив Уиткофф.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу