Ауыл балаларын кәсіби спортқа жетелейтін жоба

7938

«Халық» қайырымдылық қоры ауылда балалар футболын дамытуға қолдау көрсетуде. 

Алматы облысында ауыл балалары арасында футболдан үлкен «Halyk Open Cup»  турнирі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ауыл командаларынан 200-ге жуық жас спортшы Қарасай ауданындағы спорт кешенінің алаңында  бас жүлде үшін тартысқа түсті.

Айта кетейік, ауылда балалар футболын дамытуға бағытталған АуылФутбол жобасы бірнеше жыл бұрын журналист Серік Мәмбетовтің бастамасымен құрылған. Әр маусым сайын бастаманы қолдап а  қосылған командалар саны арта түсті. Десе де жобаның дамуына, ауқымды жарыс өткізуге, одан қалды ауылдық командалардың тәжірибесін шыңдауға қаржы құю керек екендігі айтпаса да түсінікті жайт.

Көп жағдайда мұндай командалар тек қамқор адамдардың – ата-аналардың, жаттықтырушылардың, кейде демеушілердің ынта-жігерінің арқасында өткізіліп жатады. Сондықтан көптеген командалардың ауқымды турнирлерге қатысуына мүмкіндік бола бермейді, ал қолдаушы табылса жол да ашылатыны сөзсіз. «Халық» қоры турнирге қатысқан командарлардың жарнасын төлеп, командалардың  сайыс өтетін орынға жетуін, жас спортшыларға қажетті  басқа да  керек-жарақтарды қамтамасыз еткен. Осылайша, ауыл командалары алғаш рет  жоғары деңгейдегі жарысқа шығуға мүмкіндік алып отыр.

Дүбірлі додаға Алматы облысының Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Іле аудандарынан сегіз команда қатысқан.

Турнирге қатысқан командалардың ойыны спорт кешенінің екі футбол алаңында өтті.

Бапкерлер матч алдында, таймдар арасында, жалпы ойын барысында нағыз кәсіби сайыстағыдай өз командасын бағыттап отырды.

Аңғарғанымыз, әр тәлімгер командаға ойын тактикасы мен техникасын барынша түсіндіруге тырысып бақты.

Дүбірлі додаға танымал отандық футбол ардагерлерінің келуі ауыл балалары үшін нағыз тосынсый болды Жас футболшылар Тілеухан Тұрмағамбетовтың берген кеңестерін аса қызығушылықпен тыңдады.  Ауылда футболды дамытсақ болашақ спорт жұлдыздарын, әрісін айтсақ елді әлемге танытар спортшыларды тәрбиелеп шығуға мүмкіндік зор екеніне Тілеухан Тұрмахамбетов бек сенімді.

«Аудандарда, ауылдарда спортты дамытып, жаттықтырушылардың жұмысын дұрыс деңгейге қойсақ, болашақта отандық футболдың, тіпті әлемдік футболдың нағыз жұлдыздары атанар дарынды балаларды табуға болады. Тек бұл іске деген көзқарасты өзгерту керек. Балалар футболына жағдай жасап, алаңдар құрып, жаттықтырушылардың дайындығын жетілдіре беру керек», - деп есептейді отандық футбол ардагері.

Өзінің футбол ойнауды алғаш Қызылордада бастаған Марат Есмұратов балаларға, кәсіби спортқа келмес бұрын футболды құмда теуіп бастағанын айтты. Аты әлемге танылған спортшылардың да кәсіби спортқа келуі осылай басталғанын мысалға келтірді. Ең бастысы,   спортпен шұғылдануға жігер мен футболға деген сүйіспеншіліктің болуы аса маңызды екенін жеткізді.

Ауыл балалары арасында өткен «Halyk Open Cup» турнирі «Халық» қайырымдылық қоры Алматы облысындағы филиалының  маусым айында қолдау танытқан екінші  ауқымды сайысы. Қор маусым айының басында Алматыда өткен Бүкіл стильдегі каратэден Халықаралық турнирдің бас демеушісі болған. Халықаралық турнирге сегіз елден 500-ге жуық жас спортшы қатысқан болатын.

«Ауылда бұқаралық спорт түрлерін дамыту «Халық» қайырымдылық қоры басымдық беріп отырған  бағыттардың бірі», - дейді Қордың Алматы облыстық филиалының басшысы Ғалымбек Жақсылықов.

«Біз ауыл балаларының, ауылдардан келген командалардың, әдетте, жарысқа шығуға мүмкіндігі жоқ екенін білеміз, кейде командаларда тіпті спорттық киім мен құрал-жабдықтар болмай жатады. Сондықтан ауыл командаларының арасында «Halyk Open Cup» турнирін өткізу туралы шешімді бірден қолдадық. Спорт ауыл баласы үшін тек дене шынықтыру ғана емес, олардың келешегіне, алдағы жетістігіне жол ашатын мүмкіндіктің бірі. Сондықтан да еліміздің шалғай ауылдарында спортты дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.

Ауылда спортты біз ойлағандай деңгейге жеткізу үшін спорттық инфрақұрылым қажет.  Сондықтан ауылдарда дене шынықтыру-спорт кешендерін салу «Халық» қоры қолға алатын маңызды бағыттың бірі болмақ.

Турнирге қатысқан жас спортшылардың қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Балалардың басым бөлігі дәл осы турнирде өмірдегі алғашқы жеңісін қанжығаға байлады.

Енді бірі, қақпаға абайсызда түскен голға намыстанып, командасының жеңіске жете алмай қалғанына  көңілі босап та жатты.

Байқағанымыз, жеңіс те, жеңіліс те, ойын кезінде алған жарақаттар да, алаңдағы ойын да, жанкүйерлердің эмоциялары да,  бәрі-бәрі әдетте кәсіби спортта көретін әсерлі сәттерге толы болды.

Тіпті төрешілерден  «қатаң ескертулер» де беріліп жатты, өйткені нағыз спорттың, нағыз футболдың ережелерін сақтау турнирдің басты қағидасы.

Көптен күткен жеңістің дәмі тәтті демекші, турнир жеңімпаздары медальдары мен кубоктарын суға салып, нағыз чемпиондар сынды ол суды үстеріне шашып, қуаныштарын жасыра алмады.

Жеңіске жеткен «Алмалы» командасындағы  Нұрдәулет Назарбай турнирдің үздік шабуылшысы атанды. Он екі жасар Нұрдәулеттің бұл жеңісі спортпен шұғылданған төрт жылда алған үшінші марапаты. Қатарластары сияқты Нұрдәулет те Роналду сынды танымал кәсіби футболшы болуды армандайды.

Алидар Саянов үшін ауыл футболы жобасы оның спорттағы алғашқы баспалдағы. Азат ауылынан келген бала «Қайрат» футбол клубының академиясынан шақырту алып та үлгеріпті.

Осылайша, кезінде Серік Мәмбетов бастаған жоба  «Халық» қорынан  қолдау тауып, «Halyk Open Cup» атты ауқымы кең турнирді өткізуге мүмкіндік алды.

 «Ұтылғанына, жеңгеніне қарамастан,  барлық командаға Қор атынан сыйлықтар табысталды. «Халық» қорымен бірлесіп атқарар осындай істер ауылдарда және жалпы елімізде балалар спортын дамытатын басқа да тың идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Серік Мәмбетов.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар арасынан команда  құрылып, Алматы Балалар мен жасөспірімдер футбол лигасына қатысуға мүмкіндік жасалатын болды. Бұл ретте де «Халық» қоры қолдау танытып, жас спортшылардың алдағы жарыстарға қатысуы үшін өз тарапынан трансфер ұйымдастырмақ.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу