Елорда күні қарсаңындағы рекорд

30690
Елорда күні қарсаңындағы рекорд

Бейсенбі, 10 мамыр күні, ОП-39 станциясында  әлемнің төрт мәрте рекордсмені және Қазақстан Республикасының төрт дүркін рекордсмені Сергей Цырульников ЧМЭЗ сериялы локомативін сүйреп, рекорд жаңартты. Бұл оқиға Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Алып күш иесі тепловозды бірнеше метрге тартып, орнына жылжытты. Тепловоздың салмағы 123 тонна. Локомотив толығымен жабдықталған болатын. Оған бес тонна жағармай құйылып, бір жарым тонна құм мен бір тоннадан артық су, 650 литр май құйылған. Балуан жалпы 130 тоннадан астам салмақты орнынан қозғай алды. Бірінші тартудан кейін, локомотивке вагон тіркелді. 179,8 тонна салмақ балуанға бұйым құрлы болмады.

- Мен әлемдік рекордқа да дайынмын, әлемдік деңгейге шығып, Қазақстанда ең күшті адамдар тұратынын көрсеткім келеді - деді қазақстандық алып күш иесі. - Мен ұлы дала елінің алып күш дәстүрін жалғастырып келемін. Мен Сергей Цырульников ретінде емес, ұлы балуандар дәстүрін жалғастырушы ретінде айтамын. Қазақтарда "аруақ" деген жақсы сөз бар. Ұлы дала балуандарының аруағы олардың ісін ұмытпай, жалғастыруды талап етеді.

Сергей – қазақтың атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың ізін жалғастырушы. Ол Қазақстанның рекордтар кітабына енген бірнеше трюктің иесі. Ол соңғы жылдары таңқалдыратын рекордтар жасап жүр. Бұл акция Қазақстан елордасының 20 жылдығына арналды. 

Сұлтан Биманов

Суретті түсірген Мария Матвиенко

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу