Мүдделер тоғысты: Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасын қабылдады

38862

8 маусым күні Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен келіссөз барысында екі ел көшбасшысы дипломатиялық байланыс орнаған 25 жыл ішінде экономиканың әр түрлі секторындағы екіжақты қарым-қатынастың даму нәтижесін сөз етіп, ынтымақтастықтың одан әрі даму жоспарын талқылады. Стратегиялық бағыттардың сәйкестігі, яғни Қазақстанның «Нұрлы жол» ауқымды бағдарламасын іске асыратыны, ал Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолға алғанын ескеретін болсақ, келешектің көкжиегі кең болмақ. Мемлекет басшылары аталмыш даму бағдарламаларындағы көптеген сәйкестіктерді ерекше атады. 

Мүдделердің сәйкестігі кездесу қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттармен бекіді. Қазақстан мен Қытай көшбасшылары бірлескен өтінішке, ал үкімет мүшелері бірқатар «практикалық» келісімдерге қол қойды. Олардың ішінде «Жібек жолы» қоры табысының жекелеген түрлерін салық төлеуден босату туралы келісім, кино өндірісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін селден қорғау бірлескен құрылысын жүргізу ынтымақтастығы туралы келісім, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік салық әкімшілігі арасындағы салық мәселесі бойынша меморандум, көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандум, «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Қытай Халық Республикасының Орталық телеарнасы арасындағы меморандум, суперкомпьютерді ұсыну жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум, «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ мен ҚХР-дың халықаралық сауда-саттыққа көмектесу жөніндегі комитеті арасындағы келісім бар.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу