Ни-хао, төраға мырза!

41448
Ни-хао, төраға мырза!

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Астанаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келді.

Жоғары шенді қонақты Астананың халықаралық әуежайынан премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, елорда әкімі Әсет Исекешев және Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев күтіп алды.

Қытай төрағасының Қазақстанға сапары мемлекеттік сипатқа ие. Президент резиденциясында өтетін келіссөздерден кейін Си Цзинпинь «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі қытай павильонын ашады, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитіне қатысады.Қытай басшысының сапары аясындағы іс-шаралар саны мен маңыздылығы жағынан тарихта қалатыны сөзсіз. Оның үстіне биыл Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына  25 жыл толып отыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу