Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр

647
Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр

 

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жалпы ақпарат, білімі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын (құқық магистрі) бітірген.

Мансап

Ә.Ғ. Ахмедьяров еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.

Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметте еңбек етіп, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылғы 9 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Аппарат басшысы болып тағайындалды.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу