Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
25174 16.09.24, 20:13
Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын
Тұран университетін
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Мамандығы бойынша біліктілігі: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану, мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының м. а. қызметінен бастаған.
2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
2009-2010 жылдары — Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.
2010 жылы — Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы.
2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2017 жылдары — Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2017-2019 жылдары — Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары — ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары — ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың 12 мамырынан бастап – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
2022 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.