Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

201

Супер тай-брейкте Жібек Құламбаева – Юлия Хатука жеңісті жұлып алды – 10:4.

Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды Фото: prosports.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші белоруссиялық Юлия Хатукамен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.

Бірінші партияда Құламбаева – Хатука 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық дуэт есе қайырды – 6:1.

Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-белоруссиялық жұп 4 брейкке қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің финалында нидерландылық Джой де Зеумен бірге ресейліктер Аглая Федорова – Алиса Кюммельмен кездесті. Мұнда ресейлік жұптың бағы жанды: 6:4, 6:3.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу