Дмитрий Михайлович Малахов
Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.
597 19.09.24, 15:17
Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетау қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолы
2004-2019 жылдары ішкі істер министрлігі, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары болды;
2019-2020 жылдары қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің жедел департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2020-2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2022-2023 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2023-2024 жылдары қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болды.
2024 жылдың 13 ақпанынан 2024 жылдың 16 қыркүйегіне дейін ҚР Қаржылық мониторингтік агенттігін басқарды.