Сүйіндік Ләззат Кеңесқызы
Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетінің төрайымы
6244 21.05.19, 15:37
Ләззат Сүйіндік 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген.
Білімі:
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты.
Еңбек жолы:
2005 ж. -Қазақстан Республикасы жастар конгресінің қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері.
2005-2006 жж. - «Парасат» ақпараттық-талдамалық орталығы» ҚБ бас маманы.
2006–2008 жж. — Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы.
2008–2014 жж. — мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі қызметтер атқарды.
2014–2016 жж. — Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Электронды БАҚ басқармасының басшысы.
2016-2019 жж - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 21 мамырынан - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитетінің төрайымы.