Валюта болжамы: 12 қыркүйек – 16 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
472,25

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.9.2022
470 – 480
ГК «ФИНАМ»
11.9.2022
468 – 475
DAMU Capital Management
11.9.2022
465 – 470
Forex Club
11.9.2022
455 – 495
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
7,85

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.9.2022
7,60 – 8,10
ГК «ФИНАМ»
11.9.2022
7,70 – 7,90
DAMU Capital Management
11.9.2022
7,9 – 8,0
Forex Club
11.9.2022
7,40 – 8,20
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
473,63

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.9.2022
470 – 485
ГК «ФИНАМ»
11.9.2022
475 – 483
DAMU Capital Management
11.9.2022
460 – 470
Forex Club
11.9.2022
453 – 493
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
64,91

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
11.9.2022
67,0 – 70,0
ГК «ФИНАМ»
11.9.2022
68,0 – 69,0
DAMU Capital Management
11.9.2022
55,3 – 55,8
Forex Club
11.9.2022
64,1 – 70,1

Inbusiness.kz оқырмандарға алдағы аптаға теңгенің долларға, рубльге, юаньға және еуроға қатысты бағамының кезекті апталық валюталық болжамын ұсынады (12 қыркүйек – 16 қыркүйек).

 

12 қыркүйек – 16 қыркүйек

 

5 қыркүйек – 9 қыркүйекке арналған валюта болжамы 

 

 

 

Inbusiness.kz сарапшылары атап өткендей, өткен аптада теңге долларға, рубльге және еуроға қатысты аздап әлсіреді, бірақ юаньға қатысты жоғарлады. Курстың төмендеуі мұнай бағасының төмендеуімен және әлемнің дамыған экономикаларындағы, ең алдымен АҚШ-тағы рецессияға қатысты жалғасын тапқан тәуекелдерге байланысты. Мұнай нарығы бір аптада қаңтар айындағы минимумды жаңартты (Brent баррелі үшін шамамен 87,25 доллар), бірақ аптаның соңына қарай мұнай бағасы тағы да 90 доллардан көтерілді. АҚШ ФРЖ ставкаларды көтеру ниетін тағы да растады, ал экономикалық деректердің оң көрсеткіші нарықтарға АҚШ инфляцияны тежей алады деген үміт сыйлады.

Сарапшылар қазақстандық валютаның сыртқы факторларға белгілі бір тұрақтылығын ішкі және сыртқы саясаттың ашықтығымен, елдің уранды әлем бойынша тарату мәселелеріндегі мықты ұстанымымен байланыстырады.

Келесі аптада сарапшылар АҚШ долларының төмендеуін, еуроның ауытқуын, рубль мен юаньның өсуін күтуде.

Сарапшылардың толық пікірлері төменде inbusiness.kz дайындаған сауалнамада келтірілген.

 

Анна Бодрова, «Альпари» аға сарапшысы:

12 қыркүйек – 16 қыркүйекҚазақстандық теңгенің АҚШ долларымен жұптағы бағамы бір апта ішінде 1,2%-ға төмендеді. Айта кететіні көрсеткіштің төмендеуі соңғы екі күнде орын алды. Бұл ретте, теңге өзін дамушы экономикалардың басқа да саудаланатын валюталары жанында өте тұрақты әрі берік көрсеткенін атап өткен жөн.

Теңгенің сыртқы факторларға белгілі бір тұрақтылығы ішкі және сыртқы саясаттың ашықтығымен, елдің уранды әлем бойынша тарату мәселелеріндегі мықты ұстанымымына қатысты болуы мүмкін.

Шикізат бағасының күрт төмендеуі теңге бағамын қолдаудан айырды. Сонымен, Brent баррелі 89-90 долларға дейін төмендеп, осы аптада ақпан айындағы минимумдар көрсеткішіне жақындай түсті. Экономикасы шикізатқа негізделген мемлекеттер үшін мұндай өзгерістер жақсы жаңалық емес екені айдан анық, себебі бюджеттік түсімдердің негізгі бөлігі энергияны шетелге сатудан тұрады.

Американдық доллар тарапынан қысым байқалмайды.

Әлемдік капитал нарықтарындағы тәуекелге деген көзқарас бірқалыпты.

Қыркүйектің жаңа аптасында инвесторлардың назары мұнай бағасына аударылады: тиісті валюталардың динамикасы аталмыш бағаны қалпына келтіру процесіне байланысты болады. Сонымен қатар, нарық қатысушылары жаһандық орталық банктің мәлімдемелерін бақылайды. Пайыздық мөлшерлеменің тез өсуіне қатысты мәлімдемелер неғұрлым қатаң болса, АҚШ долларының күші соғұрлым мықты болады.

Келесі аптада шетел валюталары бағамдарының ауытқуы мынандай көрініс табуы мүмкін: АҚШ доллары 470 - 480 теңге, еуро: 470 - 485 теңге, рубль: 7,60 - 8,10 теңге, юань: 67 - 70 теңге аралығында саудаланады.

 

Андрей Маслов, «Финам» КТ сарапшысы:

12 қыркүйек – 16 қыркүйек11 қыркүйекте аяқталған аптаның нәтижелері бойынша қазақстандық валюта долларға, рубльге және юаньға қатысты шамамен бірдей деңгейде қалды, алдыңғы аптамен салыстырғанда аздап күшін жоғалтқаны болмаса. Алайда ЕОБ ақша-несие саясатын (АНС) қатаңдатуды жалғастыруы салдарынан теңге еуроға қарсы айтарлықтай әлсіреді.

Осылайша, еуропалық реттеуші тарихта алғаш рет мөлшерлемені бірден 75 б.п. көтеріп, келесі бірнеше отырыстарда осы әдетінен қалмайтынына уәде берді. Нәтижесінде, еуроаймақтағы депозиттік мөлшерлеме 11 жыл ішінде алғаш рет «оң аймаққа» кірді.

Сонымен қатар жақын арада сарапшылар мен инвесторлар АНС-тың қатаңдатуын ФРЖ тарапынан да күтіп отыр.  Бейсенбіде ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл реттеуші инфляцияны ұстап тұру үшін батыл әрекет ететінін айтты. Оның пікірі трейдерлердің осы айда Орталық банктің мөлшерлемені 75 б.п. көтеру ықтималдығын 85%-ға бағалай бастауына әкелді.

Сонымен қатар, көпшілік күткендей ҚРҰБ Қазақстанда негізгі мөлшерлемені 14,5% деңгейінде қалдырды, алайда сарапшылар мен инвесторлардың біразы тамыз айында 1,4%-дан 16,1%-ға дейін өскен елдегі инфляциямен күресу үшін мөлшерлеменің 50 б.п. артуын күткен еді.

16 қыркүйекте РФ ОБ отырысы өтеді, оның нәтижелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің 50-75 б.п., тіпті, бірден 100 б.п. төмендеуін күтуге болады, себебі бұған дейін РФ ОБ аналитиктердің үмітін ақтау үшін, оған қоса әлемдік нарықтағы әсерін күшейту бағытында ұқсас қадамдар жасаған болатын. 

Қытайлық юань шығындарының көп бөлігінің орнын баса алса да, әлі де қысымнан толық арыла алмай отыр. Ел экономикасы әлі де өнеркәсіптік аймақтардағы локдаундар мен  ипотекалық дағдарыстан зардап шегуде, нәтижесінде аспан асты елінің экономикасының даму қарқыны айтарлықтай баяулады.

Жалпы, біз келесі аптада теңгенің американдық долларға қатысты бағамы 468-475 теңге шеңберінде, еуроға – 475-тен 483 теңгеге дейін, Ресей рубліне – 7,70 – 7,90 теңге, юаньге – 68,00-69,00 теңге аралығында болады деп күтеміз.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

12 қыркүйек – 16 қыркүйекАптаның ортасында мұнай бағасы барреліне 97 доллардан 87 долларға дейін айтарлықтай төмендеді. Нарықтар Қытайдағы жалғасып жатқан карантиндік шаралар мен АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің одан әрі көтерілуінен елегізіп еді, аптаның соңына қарай инвесторлардың айы оңынан туып, мұнай бағасы тағы да 90 доллардан жоғары көтерілді, ал АҚШ долларының индексі жаңа максимумдарды бағындырудан тайынды.

АҚШ ФРЖ мөлшерлемені көтеру ниетін тағы да растады, ал экономикалық деректердің оң көрсеткіші нарықтарға АҚШ өз экономикасын (әрі қарай әлемдік экономиканы) терең рецессияға ұшыратпай инфляцияны бәсеңдете алады деген үміт берді.

Сонымен бірге, ақырында еуропалық орталық банк те мөлшерлемені 0,50%-дан 1,25%-ға дейін көтере бастады. Бұл бірыңғай еуропалық валютаға қолдау көрсетті және еуро АҚШ долларымен тепе-теңдік жағдайына оралды. Сондай-ақ, Еуропалық экономика үшін 2 тоқсандағы ЖІӨ бойынша деректердің ойлағаннан да жақсы көрсеткіштерге жетуі оң әсерін тигізді.  

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 14,5% деңгейінде сақтап қалды. Жылдық мәнде инфляцияның 16,1%-ға дейін өсуіне қарамастан, реттеуші инфляцияның шыңы жақын, ал мөлшерлеменің одан әрі артуының әсері шектеулі болады деп есептейді. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстанда нақты мөлшерлеме теріс мәнге ие.

Келесі аптада біз АҚШ долларының 465-470 теңгеге дейін төмендеуін, еуроның 460-470 теңге арасындағы өзгерісін, рубльдің 7,9-8,0 теңгеге дейін өсуін және юаньнің 55,3-55,8 теңгеге дейін өсуін күтудеміз.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club сарапшысы:

12 қыркүйек – 16 қыркүйекҚазақстан қор биржасында (KASE) аяқталған жұмыс аптасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 1,9 теңгеге (+0,4%) 472,9 теңгеге дейін өсті. Бұл ретте көрсетілген кезең ішінде «американдық» 471,1-479,5 теңге аралығында тербеліс көрсетті.

KASE сауда-саттығында «ертеңгі» есеппен долларлық мәмілелердің көлемі бір апта бұрынғы 289 миллион доллардан 404 миллион долларға дейін қалпына келді. Доллар бағамы келесі аптада 455-495 теңге аралығында болады.

Мұнай нарығы бір аптада сәтсіздікке ұшырап, қаңтардағы (Brent баррелі үшін шамамен 87,25 доллар) минимумды жаңартты. Нарық ойыншылары әлемдік орталық банктердің ақша-несие саясатын қатаңдатуы мен коронавирустың таралуына байланысты Қытайдағы локдаун қаупі аясында жаһандық экономиканың баяулау динамикасына өзіндік баға беруде. Сонымен қатар, Олардың назарына АҚШ Энергетика министрлігінің өткен аптада АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) 8,8 миллион баррельге (сәуір айының басынан бастап максимум) (+2,1%) 427,2 миллион баррельге дейін көтерілуі ілікті. Сарапшылар көрсеткіштің 250 мың баррельге төмендеуін болжаған еді.

Ал Bloomberg-те жарияланған АҚШ-тың жанармай бағасының өсуін төмендету үшін стратегиялық резервтерден мұнай сату мүмкіндіктерін зерттеп жатқандығы туралы ақпарат психологиялық тұрғыдан әсер етпей қоймады. 

Доллар индексі (АҚШ-тың негізгі сауда серіктестері – алты елдің валюта қоржынына доллар бағамы) бір аптада жиырма жылдық максимумды жаңартты (110,79 пункт – 2002 жылғы маусымнан бастап), содан кейін түзетудің арқасында 108,5 пункт шеңберінде қалды.

Сонымен қатар, Қазақстанның ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруге арналған квотасы қазан айында тәулігіне 1,706 миллион баррельді құрайды, деп хабарлады республиканың Энергетика министрлігі. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш тәулігіне 1,710 миллион баррель мұнайға тең.

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясы басқармасының атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесті, ол Мемлекет басшысына елге 1 миллиард доллар инвестициялау жоспарлары туралы хабардар етті, деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Қытай валютасының бағамы бір аптада 0,15 теңгеге (-0,2%) 68,25 теңгеге дейін төмендеді. Қытай валютасы келесі аптада 64,1-70,1 теңге шеңберінде өзгеруі мүмкін.

Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өткен аптада 0,04 теңгеге (+0,5%) 7,83 теңгеге дейін көтерілді. Бұл ресейлік валютаның аптаның негізгі резервтік валюталарына қарсы өсуіне байланысты. Рубль келесі аптада бұрынғы болжамға сәйкес, 7,4-8,2 теңге аралығында болады.

Еуро бағамы өткен аптада 6,65 теңгеге (+1,4%) 475,04 468,39 теңгеге дейін өсті. Еуроның forex-ке оралып, долларға тепе-теңдікте орнығу әрекеттері оны теңгеге қарсы да қолдады. Еуропалық валюта келесі аптаны болжамды диапазонда өткізе алады: 453-493 теңге.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу