Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
23.7.2022 |
478-484 |
Forex Club
23.7.2022 |
460-520 |
DAMU Capital Management
23.7.2022 |
465-475 |
ГК «ФИНАМ»
23.7.2022 |
475-490 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
23.7.2022 |
8,30-9,00 |
Forex Club
23.7.2022 |
7,7-9,1 |
DAMU Capital Management
23.7.2022 |
8,0-8,4 |
ГК «ФИНАМ»
23.7.2022 |
7,50-8,50 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
23.7.2022 |
480-505 |
Forex Club
23.7.2022 |
470-520 |
DAMU Capital Management
23.7.2022 |
470-480 |
ГК «ФИНАМ»
23.7.2022 |
480-495 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
23.7.2022 |
69-73 |
Forex Club
23.7.2022 |
67-73 |
DAMU Capital Management
23.7.2022 |
71-72 |
ГК «ФИНАМ»
23.7.2022 |
70,00-71,50 |
18 шілде - 22 шілдеге арналған валюта болжамы
Өткен аптада теңгенің долларға қатысты бағамы мұнайдың қымбаттауына байланысты тұрақтанды. Ұлттық валютаның нығаюына АҚШ доллары индексінің 2 тармаққа төмендеуі, сондай-ақ АҚШ президенті Байденнің Парсы шығанағы елдерін бағаны төмендету үшін мұнай өндірісін ұлғайтуға көндіруі ықпал етті.
Сарапшылар Қазақстанның бірінші жартыжылдықта өңделмеген және жартылай өңделген алтын, сондай-ақ ұнтақ түріндегі алтын өндірісін 62,419 тоннаға дейін, яғни 16,2%-ға арттырғанын атап өтті. Күміс өндірісі 3%-ға, яғни 521,436 тоннаға дейін өсті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Шілденің үшінші аптасында қазақстандық теңгенің АҚШ долларымен жұптағы бағамы өзгеріссіз қалды. Бес күн ішінде оның құбылмалылығы шамамен 0,7%-ды болды.
Шикізат конъюнктурасы теңге бағамын қолдап отыр, бірақ айтарлықтай ауқымды емес. Brent баррелі 102-107 доллар диапазонында саудалануда.
Қазақстан үшін энергия көздері бағасының тұрақты болуы өте маңызды: бюджеттік түсімдердің жартысынан астамы шикізатты сатудан алынған қаражатынан құралады.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 478-484 теңге, бір еуро 480-505 теңге, бір рубль 8,30-9,00 теңге, бір юань 69-73 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов, "ФИНАМ" КТ сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның барлық валюталарға қатысты позициясы сақталды.
Аптаның басты оқиғалары ЕОБ, РФ ОБ және Жапония Банкінің отырыстары болды. Еуропалық реттеуші 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені бірден 50 б. т. арттырды, енді депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме көптеген жылдар ішінде алғаш рет теріс аймақтан шықты.
S&P Global Ratings агенттігі ҚР-да банк секторының поляризациясы күшеюі мүмкін деп санайды, өйткені мықты ойыншылар нарықтағы үлесін Ресейдің ірі банктері кеткеннен кейін арттыруда. Соңғы жылдары сектордағы банктер саны едәуір азайған еді, бірақ сектордың консолидациясы жүзеге асуы мүмкін.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 475-490 теңге, бір еуро 480-495 теңге, бір рубль 7,50-8,50 теңге, бір юань 70,00-71,50 теңге теңге шамасында өзгеруі мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қазақстандық қор биржасында 0,9 теңгеге нығайып, яғни (-0,2%) 480,3 теңгеге дейін төмендеді.
Brent бағасының 100 доллардан жоғары болуы теңгеге оң әсерін тигізіп отыр. KASE сауда-саттығында бір апта бұрын доллармен жасалған мәмілелер көлемі 627 миллион долларға дейін төмендеді.
Қазақстан бірінші жартыжылдықта өңделмеген және жартылай өңделген алтын, сондай-ақ ұнтақ түріндегі алтын өндірісін 62,419 тоннаға дейін арттырды. Күміс өндірісі 3%-ға артты. Күміс, алтын және мыс өндірумен айналысатын Polymetal ресейлік активтерді сату мүмкіндігін қарастыруда, ал оларды сатқан жағдайда ол Қазақстандағы қызметіне баса назар аударады.
Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір еуро 460-520 теңге, бір рубль 7,7-9,1 теңге, бір юань 67-73 теңге, бір доллар 470-520 теңге шамасында болады.
Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры:
Өткен аптада мұнай бағасы 99 доллардан 105 долларға дейін көтеріліп, тұрақтанды. Бұған АҚШ доллары индексінің төмендеуі (108-ден 106-ға дейін) және АҚШ президенті Байденнің Парсы шығанағындағы араб елдерін өндірісті арттыруға көндіре алмауы себеп болды.
Еуропалық Орталық банк, ақырында, мөлшерлемені 0% - дан 0,50% - ға дейін көтеріп, монетарлық саясатты қатаңдату жолына түсті.
Қазақстанда инфляция өсу сатысында тұр. 25 шілдеде Ұлттық банк мөлшерлемені көтеру немесе і өзгертпеу туралы шешім қабылдайды.
Менің ойымша, қазіргі мөлшерлемені сақтау тиімдірек болады, өйткені мөлшерлеменің артуы экономиканың өсуіне кедергі жасайтын болады, ал мөлшерлеменің төмендеуі инфляцияға тағы да серпін береді. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 465-475 теңге, бір рубль 8,0-8,4 теңге, бір еуро 470-480 теңге, бір юань 71-72 теңге болуы мүмкін