Валюта болжамы: 27 маусым-1 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
462,62

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.6.2022
460–475
Forex Club
26.6.2022
430-500
DAMU Capital Management
26.6.2022
445-455
ГК «ФИНАМ»
26.6.2022
460-476
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
8,55

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.6.2022
8,50-9,20
Forex Club
26.6.2022
7,8-9
DAMU Capital Management
26.6.2022
8-8,5
ГК «ФИНАМ»
26.6.2022
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
485,3

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.6.2022
475-485
Forex Club
26.6.2022
447-515
DAMU Capital Management
26.6.2022
490-500
ГК «ФИНАМ»
26.6.2022
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
68

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
26.6.2022
67-71
Forex Club
26.6.2022
63-73
DAMU Capital Management
26.6.2022
65-70
ГК «ФИНАМ»
26.6.2022
8,3-9,0

Inbusiness.kz теңгенің доллар, еуро, юань және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (27 маусым-1 шілде)

27 маусым-1 шілде

20 маусым -24 маусымға арналған валюта болжамы 

 

 

 

Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылардың айтуынша, өткен аптада теңгенің доллар, юань және рубльға қатысты бағамы әлсіреді. Оларға қатысты теңгерімсіздік орнауы мүмкін. Қазір мұнай бағасы Қазақстан экономикасы, оның бюджеті мен валютасы үшін айтарлықтай тиімді болып отыр. Жалпы, нарықтағы жағдай тұрақты. 

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:

27 маусым-1 шілдеҚазақстандық теңге бағамы қарқынды түрде төмендеуде, бұл жақсы жаңалық емес. Бір апта ішінде АҚШ доллары 4,7%-ға қымбаттады. Бұл бұрынғы қарқыннан әлдеқайда жоғары. Рубль айтарлықтай нығайды, ол 10,3%-ға көтерілді. Аптаның соңында юань нығая түсті. Шикізат факторы теңгеге оң әсерін тигіп отыр. Brent мұнайының бір баррелі $110 шамасында.

Бұл Қазақстан экономикасы, бюджеті және валютасы үшін позитивті фактор.Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 460-475 теңге, бір еуро 475-485 теңге, бір рубль 8,50-9,20 теңге, бір юань 67-71 теңге шамасында болады. 

 

Андрей Потавин,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:

 

27 маусым-1 шілде24 маусымда аяқталған аптада теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы шамамен 5%-ға әлсіреді. USD/KZT валюталық жұбы жұма күні 470 белгісіне көтерілді. Теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамының әлсіреуі 10%-ды құрады.

Геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың әлсіреуі және жеткізілімдер тізбегін қайта құру Қазақстан экономикасының өсу қарқынынын тежейтін болады. Бұған дейін Қазақстан үкіметі геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында ел экономикасының өсу болжамын 3,9%-дан 2,1%-ға дейін төмендеткен болатын.

Өткен аптаның соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ПМЭФ-тің пленарлық отырысында жаһанданудың орнына өңірлендіру дәуірі келгенін мәлімдеді. Президент Қазақстан буферлік нарық рөлін атқара алады деп есептейді. Қазір Ресейдің бастамасы бойынша "үлкен еуразиялық әріптестік" тақырыбы талқылануда, оған Қазақстан оң бағасын берді. Қытай қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына $22 млрд-тан астам инвестиция салған негізгі сауда серіктесіне айналды.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 460-476 теңге, бір рубль 8,3-9,0 теңге шамасында өзгеруі мүмкін. 

 

 

Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:

27 маусым-1 шілдеДоллардың теңгеге шаққандағы бағамы қазақстандық қор биржасында 21 теңгеге (+4,7%) көтеріліп, 467 теңгеге дейін өсті. Бір апта ішінде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 115 доллардан біртіндеп төмендеді.

Reuters агенттігі ОПЕК + тамыз айында өндірісті арттыру жоспарын ұстанатынын және бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 648 мың баррельге арттыратынын хабарлады.

Америкалық мұнай институты (API) 17 маусым аралығында АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры 5,6 миллион баррельге өсті деп мәлімдеді. Бірақ көрсеткіш 1,4 миллионға төмендейді деп хабарланған болатын.

Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 430-500 теңге, бір еуро 447-515 теңге, бір рубль 7,8-9 теңге, бір юань 63-73 теңге шамасында болады.

 

 

Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management ЖШС Бас директоры:

27 маусым-1 шілдеӨткен аптада шетелдік валюталардың қазақстандық теңгеге қатысты бағамы күрт өсті. Мұнай бағасының жоғары болуына қарамастан доллар айтарлықтай нығайды. АҚШ-та инфляция бағаның өсуінің шыңырауына жеткендей болды, бірақ екінші жартыжылдықта көрсеткіш төмендеуі мүмкін.

Еуроаймақта PMI көрсеткіштері маусым айындағы болжамдармен салыстырғанда төмен болды. Еуроаймақ АҚШ-тан бірінші болып рецессияға кіру мүмкін. Оның америкалық экономикадан айырмашылығы – Еуроаймақтың монетарлық саясатты қатаңдатуға уақыты болмауы ықтимал. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 445-455 теңге, бір рубль 8-8,5 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір юань 65-70 теңге болуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу