Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.6.2022 |
415-440 |
ГК «ФИНАМ»
03.6.2022 |
430-438 |
Forex Club
03.6.2022 |
410-445 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.6.2022 |
6,75-7,15 |
ГК «ФИНАМ»
03.6.2022 |
6,92-7,12 |
Forex Club
03.6.2022 |
6,7-7,5 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.6.2022 |
445-470 |
ГК «ФИНАМ»
03.6.2022 |
462-470 |
Forex Club
03.6.2022 |
440-478 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
03.6.2022 |
62-66 |
ГК «ФИНАМ»
03.6.2022 |
64,70-65,30 |
Forex Club
03.6.2022 |
62-66 |
30 мамыр-3 маусымға арналған валюта бағамы
Жаздың алғашқы айында қазақстандық валютаға әдеттегідей сыртқы факторлар әсер етеді. Inbusiness.kz сайтында өз болжамын жариялаған сарапшылар мұнай нарығындағы ахуалды, ЕО-ның Ресей мұнайына салынатын эмбаргоны, ОПЕК+ альянсының шілде мен тамыз айларында өндірісті ұлғайту туралы шешімін сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Мамырдың бірінші аптасы шетел валюталары мен KASE-дегі теңге бағамдары үшін өте құбылмалы болды. Мұндай динамика жаһандық нарықтағы жағдайға, шикізат конъюнктурасына, Қазақстан Ұлттық Банкінің әрекетіне байланысты.
Осы аптада Ұлттық Банк капитал нарықтарындағы өтімділік деңгейлерін тұрақтандыру және ұлттық валютаға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті түзету үшін жалпы көлемі $110,5 млрд болатын кері интервенция механизмін іске асырды.
Бір қызығы, интервенция салық төлемдері кезеңінде жүргізілді. Болашақта нарыққа осындай қолдау қажет пе, әлде бұл бір реттік "сценарий" болды ма, оны айдың соңында көреміз. Қазір Brent мұнайының бағасы 105-125 доллар аралығында құбылуда. Мұнайдың қымбат болуы теңгеге оң әсер ететіні сөзсіз. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 415-440 теңге, бір еуро 445-470 теңге, бір рубль 6,75-7,15 теңге, бір юань 62-66 теңге шамасында болады.
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
3 маусымда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа валюталарға қатысты бағамы өзгермеді. Теңге бағамы ҚР ҰБ $110,5 млн-ға валюта сатып алғаннан кейін, "U-тәрізді" доға іспеттес болды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің мұндай шешім қабылдау салық төлеу кезеңімен байланысты, өйткені шетел валютасына қатысты ұсыныс осы кезеңдегі сұраныстан асып түсті. Бейсенбі және жұма күндері теңге бағамы ОПЕК+ картелі шілде және тамыз айларында бір күндік өндірісті 648 000 баррельге арттыру туралы шешім қабылданғаннан кейін тұрақтанды. Картельдің бұл қадамды жасауына Ресей Федерациясындағы өндірістің төмендеуі, Қытайдағы коронавирустық шектеулердің жеңілдетілуі мен мұнай бағасының көтерілуі түрткі болды Қазақстанда инфляция мамыр айында 14%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 19%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 11,9%-ға өсті.
Бұған дейін ҚР ҰБ басшысы Ғалымжан Пірматов инфляция проинфляциялық қатерлерге байланысты жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталатынын мәлімдеген болатын. Қаржы реттеушісінің болжамынша, осы жылдың екінші жартысында баға шарықтауы мүмкін.
Келесі аптада бір доллар 430-470 теңге, бір еуро 462-470 теңге, бір рубль 6,92-7,12 теңге, бір юань 64,70-65,30 теңге шамасында өзгеруі мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скаут:
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қазақстандық қор биржасында аяқталған жұмыс аптасында 434 теңгеге дейін төмендеді. Бұл рубльдың нығаюымен байланысты. Өткен аптаның екінші жартысында доллардың теңгеге қарсы бағамы да жоғары қарқынмен өскен болатын. KASE сауда-саттығында долларлық мәмілелердің көлемі $554 млн-ға дейін қысқарды.
ЕО-ның Ресей мұнайына салынатын эмбаргоны талқылауы аясында мұнай наурыз айының соңынан бергі жоғары бағаға саудалануда.
Бұл қазақстандық валюта бағамының динамикасына оң әсерін тигізді. Нарықты оңалуына септігін тигізген фактор: ОПЕК+ альянсының шілде және тамыз айларында бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 648 мың баррельге арттыру туралы шешімі.
Шілде айында Қазақстанның мұнай өндіруге арналған квотасы –1,68 миллион баррель. Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қашаған ірі мұнай кен орнын игеретін North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы 1 маусымнан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты өндірісті 45 күнге тоқтатқан болатын. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 410-445 теңге, бір еуро 440-478 теңге, бір рубль 6,7-7,5 теңге, бір юань 62-66 теңге шамасында болады.