"Алиса, поставь музыку": Шерзаттың өліміне күдіктілер түрмеде туған күн тойлаған

Қазірге бейнежазбаның қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

"Алиса, поставь музыку": Шерзаттың өліміне күдіктілер түрмеде туған күн тойлаған Фото: Бейнежазбадан

Уақытша ұстау изоляторында Шерзат Полаттың өліміне күдіктілердің туған күн тойлап жатқаны туралы видео таралғанын қорғаушы Саида Тәуекелова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталмыш видеода күдіктілердің телефон ұстап, "Алисаға" ән қойдырып, тортқа шам жағып, көтеріңкі көңіл күйде екендігі байқалады.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жайтқа байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

– Қамаудағының бірінің туған күнін атап өту сәті жазылған бейнежазбаның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлға, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды, – делінген департаменттің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

Еске салайық, 22 қаңтарда полиция Шерзат ісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеген.

Қазір уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүруде.

Олар процеспен танысқан соң қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы шешім қабылдау мақсатында прокурорға жолданады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу