Ең көп электромобиль экспорттаған елдің қатарында Қазақстан да бар

Тақырып тікелей көрші елге ғана қатысты. 

Ең көп электромобиль экспорттаған елдің қатарында Қазақстан да бар Фото: canva.com

2024 жылы Өзбекстанның шет елдерден 24 мыңнан астам электромобиль импорттағаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр импорт 8 мың көлікке, яғни 1,5 есе өскен. Шекарадан кірген темір тұлпарлардың жалпы құны 224,8 миллион долларға бағаланып отыр.

Өзбекстандағы электрлі көліктердің импортты түгелдей дерлік (99%) Қытайдың үлесінде болып тұр (23 982 көлік). Одан кейінгі орынға 51 көлікпен Қазақстан жайғасса, Гонконг (17 көлік) пен Германиядан (15 көлік) да көрші елге электромобильдер барған.

Осыған дейін отандық БАҚ-та Өзбекстан жеңіл көліктің 80 пайызын Қытайдан импорттап жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Өткен жылы көрші мемлекетке шет елдерден 1,28 миллиард долларға бағаланған 74,7 мың жеңіл көлік жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу