Ескі көлігі барларға жағымды жаңалық

45429

Бұл туралы ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев мәлімдеді. 

Ескі көлігі барларға жағымды жаңалық Фото: Тимур Еникеев

Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан жасалатын зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаумен қатар, қоғам жиі көтеретін мәселелер шешіледі. Мәселен, жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін – 50%-ға төмендетілетін болады",  – деді департамент басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съездалды жиынында. 

Сонымен қатар "Сән-салтанат" заттарына жоғары салық салу жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін де ұсыныстар қарастырылған. 

"Жиынтық құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесін белгілеу; кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу; қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу ұсыныстары енгізілген", – деді жаңа Салық кодексінің жобасы жайлы айтқан Ерлан Сағынаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу