Мұндай ақпаратты Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми хабарламада өрттің 8 сәуір күні жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:00 шамасында Чэндэ қаласы, Лонхуа уезіндегі қарттар үйінде басталғаны жазылған.
Соңғы мәліметтерде өрт салдарынан барлығы 20 адам қаза тапқаны хабарланды. Десе де, жараланғандар мен қайтыс болғандар саны әлі де артуы мүмкін.
Қазіргі уақытта қарттар үйіндегі өзге егде жастағы адамдар әрі қарай ем қабылдау мақсатында жақын маңдағы ауруханаға ауыстырылған.
Төтенше жағдай болған жерге құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін сарапшылар тобы жіберілген. Өрттің шығу себебі және шығындары анықталып жатыр.